Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
"Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.
Айта кетейік, аталмыш жол учаскесі 1 күн бұрын да жабылған еді.