Оқиға бүгін болған.
Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті
Фото: видеодан кадр
523
оқылды

Ақтаудағы индустриялық аймақ маңындағы жолдардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

lada.kz-тің жазуынша, оқиға бүгін, 8 наурызда шамамен сағат 13:50-де болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері барды. Өрт сөндірілді.