Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.
Көктайғақ, тұман: 9 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Pixabay
1,458
оқылды

Синоптиктер 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, батысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болып, күндіз оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Сонымен бірге көктайғақ пен тұман болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.