2007 жылы туған жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарды.
Атырауда екі жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен
Фото: polisia.kz
379
оқылды

7 наурыз күні Жайық өзенінде екі жасөспірімнің мұз ойығына түсіп кеткенін байқаған қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері дереу көмекке келді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жіп жеткізіп, өздерінің беліне байлап, балалардың суға батып кетуіне жол бермеген. 

«Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе, тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 2007 жылы туған жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарып, жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен», делінген полиция хабарламасында.