Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.
Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
Фото: pexels.com
678
оқылды

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 46 млн доллар болған (6 832 тонна). 

Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген. 

2023 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланд – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна.