Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шоколадтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындары тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.
Елордалық еріктілер әйелдерге мыңнан аса қызғалдақ сыйлайды
382
оқылды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шоколадтармен қуантуда,  – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шоколадтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындары тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.

«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», – деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.

«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» – деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1 000-нан аса гүл мен шоколад сыйлайды.