«Мен ешбір технологияның мұндай жылдам дамығанын көрген емеспін», – дейді Илон Маск. Бұл технология келесі жылы электр энергиясының тапшылығына алып келуі мүмкін бе?
Илон Маск: ЖИ-дің ақырзаманын көргім келеді
Фото securitylab.ru сайтынан алынды
1,636
оқылды

Жасанды интеллект технологиясы электр энергиясын көп тұтынады, суды көп қажет етеді деген болжамдар туралы newatlas.com сайты бірнеше материал жариялады. Белгілі сарапшылардың пікіріне сүйенген Aikyn.kz бұл болжамдардың ықтималдығын талдайды.

Ғаламдық Bosch Connected World конференциясына қатысушылар. Фото Bosch Connected сайтынан алынды

Жасанды интеллект жүйелерін дамытуға чип тапшылығы кедергі келтіруі мүмкін, бірақ бұл жүйелер мен электр көліктерінің нарығы соншалықты жойқын қарқынмен дамып келеді.

Сондықтан «2025 жылы электр қуаты пен трансформатор тапшылығы бүкіл әлемде, әсіресе, дамыған елдерде біліне бастайтынын» жақында Илон Маск мәлімдеді.

Bosch Connected World конференциясының жабылуында сұрақтарға жауап берген жақында ғана Нобель Бейбітшілік сыйлығына ұсынылған миллиардер Илон Маск өздігінен жүретін көліктер мен гуманоид роботтар туралы ойларымен бөлісті, сонымен қатар Tesla-ны электромобильдер кеңістігінде не күтетінін еш бүкпесіз айтып берді. Өнеркәсіп үшін де басты бағытты көрсетті: таза энергия өндірісіне кірісіп, мүмкіндігінше көп электр трансформаторларын шығаруға көңіл бөлу.

Илон Маск Bosch Connected World конференциясының жабылуында. Фото Bosch Connected сайтынан алынды

Маск конференцияға қатысушыларға арнап мынадай мәлімдемелер жасаған:

«Желідегі жасанды интеллект есептеулерінің саны жарты жыл сайын 10 есе  артып жатқан сияқты. Әлбетте, ол мұндай жоғары қарқынмен мәңгілікке жүре алмайды, өйткені ол ғаламның массасынан асып түсер еді. Бірақ мен мұндайды ешқашан көрген емеспін. Менің ойымша, біз шынымен де бұрын-соңды болмаған ең үлкен технологиялық революцияның шыңында тұрмыз».

Илон Масктің ойынша, «адамзат бұрын-соңды болмаған ең үлкен технологиялық революцияның шыңында тұр. Білесіз бе, қытайдың қарғысы бар: «Өзгерістер уақытында өмір сүріңіз». Біз ең қызықты уақытта өмір сүріп жатырмыз. Шынымды айтсам, біраз уақыт көңілім түсіп кетті. Мен ойладым: «Олар адамнан асып түсе ме? Біз шынымен де пайдасыз боламыз ба?». Бірақ мен бұл сұрақтарға үйрендім: «Мен тірі болып, ЖИ-дің ақырзаманын көргім келе ме, жоқ па? Мен сондаймын, мен оны көргім келетін шығар. Бұл жалықтырмайды».

Жасанды интеллект энергияны қарқынды тұтынатын қуатты есептеуіш қондырғылардың көмегімен жұмыс істейді. Фото Getty Images сайтынан алынды

Масктің ойлау логикасы да қызық: Жасанды интеллект есептеулеріндегі шектеулер өте болжамды... Бір жыл бұрын микросхемалар, нейрондық желі чиптері жеткіліксіз болды. Ал келесі тапшылық электр трансформаторлары болатынын болжау өте оңай. Егер сізде желіден 100-300 киловольт шығып, оны алты вольтқа түсіру керек, бұған трансформатор керек.

Ендігі тапшылық электр энергиясы болады. Олар барлық чиптерді іске қосу үшін қажет болатын электр қуатын таба алмайды. Менің ойымша, келесі жылы электр қуаты жеткіліксіздігін анық көреміз.

Сіздің технологиялық біліміңізді өсіретін танымдық материал мына видеода: 

Өзінің эпатажды мінез-құлқымен белгілі миллиардердің ойынша, «электр қуаты мен кернеу трансформаторларын қажет ететін электр көліктері мен жасанды интеллектің бір мезгілде өсуі электр жабдықтары мен электр энергиясын өндіруге үлкен сұраныс» тудырады.

Дамыған елдердің шамдары 2025 жылы жыпылықтай бастайды, өйткені ол жерде жасанды интеллект өте көп оқытылады деген идея таңғаларлық болып естілгенімен, Масктің болжамдары дұрыс болса, Қазақстан экономикасына бүгіннен бастап электр қуатын өндіретін 5-6 ірі стансалар салуды қолға алу қажет деп ойлаймыз.

Қазақ жерінің дәстүрлі шикізатқа байлығын ескеріп, мұнай мен газ, көмірді, сонымен бірге жасыл энергияны қолданатын стансалар салуға көңіл бөлетін уақыт келген сияқты.