Азия чемпионы, 2 мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі, үндістандық Санжит Санжитпен кездесті.
Айбек Оралбай Италиядағы турнирді жеңіспен бастады
Фото: kfb.kz
650
оқылды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

92 келі салмақта сынға түскен боксшымыз Азия чемпионы, екі мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі, үндістандық Санжит Санжитпен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, алдағы Олимпиадаға жолдама алу үшін боксшы осы турнирдің жартылай финалына шығуы тиіс.