7 наурызда Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады.
Тұман, бұрқасын: ауа райына байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды
Фото: egemen.kz
1,980
оқылды

Ауа райына байланысты еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 7 наурызда Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында, сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.