Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында салтанатты іс-шара өткізді.
Әйел ғалымдарға академик Наиля Базанова атындағы марапат тағайындалады
459
оқылды

Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші әйел ғалымдар қатысты.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жылдар бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар дәстүр бойынша осы мереке аясында нәзік жандардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтуді қамтиды.

А.Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екенін және ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын атап өтті. ХХ ғасырдың басына дейін әйелдер қатал кемсітушіліктен зардап шекен, оның ішінде ғылым саласында. Оларды ғылымға жақындатпаған әрі қабілетсіз деп санаған. Сол кездегі жанашырлар көптеген кедергіні жеңуге, ерлердің бүркеншік атын алуға мәжбүр болды. Әйелдердің жұмысы мен ашқан жаңалығы көбіне ер ғалымдардың атынан жарияланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы салтанатты жағдайда Құрмет  грамоталарымен марапатталған әйел ғалымдардың еңбегін бағалап, отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Найля Базанова атындағы алғаш рет әйел ғалымдарға арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.

Әйел ғалымдармен кездесу офлайн және онлайн форматта өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші әйел ғалымдар қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.