«Майқайыңалтын» АҚ шахтасында болған апаттан автобус жер астына түсіп кеткеніне 60 күн болған.
"Бір Аллаға тапсырдым":  жоғалған құтқарушының әйелі жантебірентерлік видео жариялады
1,109
оқылды

«Майқайыңалтын» АҚ шахтасында болған апаттан автобус жер астына түсіп кеткеніне 60 күн болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Автобус ішіндегі екі құтқарушы өлі күйде табылды. Ал бір құтқарушы мен көлік жүргізуші әлі табылмады.

Автобус ішінде болған құтқарушылардың бірі Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу желіге видео жариялап, жарының әлі табылмағанына жүрегі ауыратынын айтады.

"Жаным Айдос, қанша жүрегім ауырса да мен сені құтқара алмай жатқан жерге келдім. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқардың, бірақ сені ешкімнің құтқара алмай жатқанына жүрегім ауырады. Бүгін алпысыншы күн. Бір үмітпен жүрмін. Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін. Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым", – дейді келіншек.