Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Ерлан Саиров Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.
Қазақстанда берілетін жәрдемақыны Ресейдің ана капиталымен салыстыруға келмейді – Ерлан Саиров
3,067
оқылды

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы мардымсыз.        

Экономиканы дамытудың тірегі – адам. Ал сол адамды дүниеге әкелетін біздің нәзікжанды әйелдер.

Мемлекеттің басты құндылығы адамды дүниеге әкелетін әйел жандар жөнінде мемлекеттік қамқорлық жасап, олардың жан дүниесін аялап, денсаулығына мән беру басты міндет. Әйел жаны босанғаннан кейін денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қарастырылған? 

Елімізде бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері 1-3 балаға 140 мың теңге, төрт, одан көп балаға 232 мың теңге береді. 

Бірақ, шынына келсек, бұл – әйелге өтемақы емес, баланың күтіміне берілетін сома.

Ресейдің ана капиталының сомасы бірінші балаға 639 мың рубль, 3 миллион 195 мың теңге, екінші балаға 883 мың рубль 7 миллион теңгеге тең.

Біздің өтемақымен салыстыруға келе ме? Әрине, жоқ.

Қазақстанға да лайықты, әділетті ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті. Бұл – кезек күттірмейтін мәселе.

Елімізде ұзақ мерзімді демографияны дамыту стратегиясының басты аспектісі лайықты ана капиталын қалыптасыру. 

Ана бала көтергенде, құрсақта баланың қалыптасуына кальцийді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны медициналық факт.

Көпбалалы атанған 543-мың әйелдің барлығының басында бар зор проблема ол тістің түсуі.

Қазақстандағы стомотологияның бағасының күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз. 

Сондықтан, бірінші кезекте көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бірреттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет.

Бала тапқан әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіріп, ұстап отырудың мемлекеттік стандарттары қажет. «AMANAT» партиясы ана мен бала денсаулығы мемлекеттің ең басты капиталы деп есептейді. Аталған мәселе бойынша үкімет нақты қадамдар жасауы қажет.