Асланбек Шымбергенов келесі жекпе-жегін 7 наурызда өткізеді.
Асланбек Шымбергенов Италиядағы турнирде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Фото: kfb.kz
2,015
оқылды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін өткізді.

71 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Финляндия боксшысы Сэм Мороватимен шаршы алаңда кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша Асланбек Шымбергенов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Төреші 2-раундта техникалық нокаут тіркеді. 

Асланбек Шымбергенов келесі жекпе-жегін 7 наурызда өткізеді.