Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Қызылордада 28 жастағы ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр
Фото: Қызылорда қаласы ПБ
719
оқылды

Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Одан кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбековке іздеу салады.

Бойы – 1,80 см, шашы қара түсті, орта денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ куртка, ақшыл-көк түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.

"Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз", – делінген хабарламада.