Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алматыда автобус апатқа ұшырап, 4 жолаушы зардап шекті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
572
оқылды

Алматы қаласында автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылып, салдарынан 4 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 наурыз күні сағат 06:45-те болған.

«Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып Шолохов көшесіне бұрылар тұста, рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды. Салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.