Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады.
Қостанайда саяжайдағы тұрғын үйде өрт шықты
Фото: ТЖМ
385
оқылды

Қостанайда «Бағбан-Құрылысшы» бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖД күшімен 27 литрлі 3 газ баллоны эвакуацияланды. 

Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 17:21-де толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан деп болжанып отыр.

Құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамның 8 адамы 2 техникасы жұмылдырылды.