Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұрқасын, жел, тұман: 5 наурызға арналған ауа райы болжамы
495
оқылды

«Қазгидромет» 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми дерекке қарағанда, антициклон сілемінің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құрғақ, желсіз болады.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай қар жауады, жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша тұман түседі.