Қауіпке қарамастан дәрігерлер операцияны сәтті аяқтап шыққан.
Алматылық дәрігерлер жер сілкініп жатса да, операцияны тоқтатпады
Фото: Facebook.com/marat.sarshayev
1,692
оқылды

Алматылық дәрігерлер жер сілкінісіне қарамастан операцияны тоқтатпады. Медицина қызметкерлерінің бұл әрекетіне көпшілік риза болып, желіде алғыс жаудырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеодағы операцияда болған дәрігерлердің бірі Алексей Колесников Qazaqstan ұлттық телеарнасына сұхбат берді. Айтуынша, олар науқасты осы отаға бір апта дайындаған. 

Ал бүгінгі ота өте күрделі өткен. Анестезия енгізіп, жұмысты бастағанда ғимарат тербеле бастапты. Қауіпке қарамастан дәрігерлер операцияны сәтті аяқтап шыққан.