Үкімет министрлердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін ЖИ құралдарына жүгінбекші.
Енді депуттардың сауалдарына жауапты жасанды интеллект дайындайтын болады.
Депутат сауалына жауапты жасанды интеллект дайындайды
Депутаттарға жауапты ЖИ дайындайды. Иллюстрация csee-etuce.org сайтынан алынды. Авторлығы: Adobe Stock
1,039
оқылды

Financial Times басылымы ЖИ жүйелері Үкіметтің қызметіне жаңаша серпін беруі мүмкін екенін жазды. Мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz жасанды интеллект жүйелерін министрлер қандай мақсаттарда тиімді пайдалана алатынын талдайды.

ЖИ құралдарын Үкіметтің қызметінде қолдану бастамасының авторы Премьер-министр Риши Сунак. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Christopher Furlong

Бұл бастама Риши Сунактың технология арқылы Уайтхоллдың (Whitehall) өнімділігін арттыруға бағытталған әрекетінің бір бөлігі. Үкімет министрлердің тиімділігін арттыру үшін ЖИ құралдарын сынақтан өткізе бастаған.

Анықтама: Уайтхолл (Whitehall)  – Лондонның орталығындағы көше, оның атауы Британ үкіметіне қатысты қолданылады. Көше Вестминстердегі Британ парламентінен Трафальгар алаңына апарады. Бұрын бұл жерде Whitehall патша сарайы болған, бүгін одан тек Банкет үйі ғана сақталған.

Ұлыбритания министрлері үкіметтік консультацияларға жауаптарды және парламенттік сұрақтарға жауаптар жобасын талдау үшін генеративті жасанды интеллекті пайдалануды қолға алды.

Премьер-министрдің орынбасары Оливер Дауден бейсенбіде (29 ақпанда) Whitehall-дың қақ ортасында орналасқан ЖИ «бұзу тобы» орталық департаменттер мен мемлекеттік қызметтерде кеңінен қолдану мақсатында сынақтан өткізіп жатқан құралдарды ұсынбақшы.

Бұл – Премьер-министр Риши Сунактың Whitehall-дың өнімділігін технология, соның ішінде жасанды интеллект арқылы арттыруға жоспарының бір бөлігі. Ал мемлекеттік қаржының үнемдеу үшін министрлер аз ақшамен мемлекеттік қызметтерді жақсартуға ұмтылуда.

ЖИ-дің жаңа мүмкіндіктерімен танысуға мына видео көмектеседі:

ЖИ құралдары ChatGPT-дің үкіметтік нұсқаларын пайдалануды және депутаттар жіберген сауалдарға министрлер алдын ала жауаптарды дайындау үшін шектеулі қауіпсіз ортада орналастырылатын болады. Жауаптардың жобаларын әрқашан алдын ала мемлекеттік қызметкер тексереді және ЖИ құралдары өздері қолданған дереккөздерге сілтеме жасайтындай бағдарланған, осылайша олардың жауаптарының дұрыстығын тексеруге болады.

ЖИ құралы Hansard, парламент хаттамалары немесе үкімет құжаттар, үкімет мүшелерінің баяндамалары сияқты ресми көздерден ақпаратты жинауға және қорытуға қабілетті. 

Премьер-министрдің орынбасары Оливер Дауден брифингте ЖИ «жаңа, даулы немесе өте саяси сезімтал салаларда» қолданылмайтынын, бірақ «әдеттегі» саяси мәселелерді шешу үшін жақсы көмекші құрал болуы мүмкін екенін айтқан.

Ол сондай-ақ қоғамдық кеңестерге жауаптарды оқу, қорытындылау және сұрыптау үшін жасанды интеллектің жаңа құралын сынап жатқанын жариялаған. Әдетте британ үкіметінің аппаратында бұндай ақпаратты өңдеуге 25 мемлекеттік қызметшінің 3 ай үздіксіз жұмысы қажет болатыны белгілі болды.

Ұлыбритания премьер-министрінің орынбасары Оливер Дауден мемлекеттік секторда ЖИ-ді қолдануды ынталандыру үшін «өзімізді өзіміз тұрақты түрде қамшылау» қажет дейді. Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Tolga Akmen/EPA/

Министрлер парламент мүшелерінің алдында жылына 700-ге жуық консультация өткізеді және темекі шегуге тыйым салуға қатысты жуырдағы үкіметтік консультация үшін мыңдаған бет жауап жиналғанын алға тартты, бұл Brexit келісімінен 400 есе көп екен. Лондон Империал Колледжінде сөйлеген Дауден үкімет ақшаны үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді жақсартуға «бұл пилоттық жобалардың тиімділігін дәлелденсе, біз оларды мүмкіндігінше тезірек кеңейте аламыз» дейді.

Дамудың жылдам қарқыны күн сайын жаңа мүмкіндіктерді ашуда, ЖИ үкіметтегі мәселелерді шешу үшін «күміс оқ» (бұл метафора, әмбебап шешімді білдіреді) болып табылары анық.

Дауден сонымен қатар Ұлыбританияның денсаулық сақтау қызметінде жасанды интеллект бойынша ынтымақтастық туралы келісімге отыру жоспарларын жариялады. ЖИ пилоттық жобалары қазірдің өзінде диагностика, генетикаға негізделген дәрілерді дұрыс тағайындау, дәрілік қателіктер мен алаяқтықпен күресу сияқты денсаулық сақтаудың көптеген проблемаларын шешуде қолданылуда.

Бір ғана дәрілерді тағайындау бойынша қолданылатын ЖИ бағдарламасы, егер ол іске қосылса, шамамен 900 миллион фунт стерлингті үнемдейді деп болжануда.

Үкіметтің құрылымындағы ЖИ департаменті өткен жылдың қарашасында іске қосылған кезде 30 жоғары техникалық білікті қызметкерлерден тұратын еді. Енді олардың санын 70-ке жеткізу көзделген. Оның бюджеті сонымен қатар Министрлер кабинетінің басқа қызметінен үнемделген қаржының есебінен 5 миллион фунттан 110 миллион фунт стерлингке дейін ұлғаяды.

Ресей Үкіметі ЖИ жүйелерін дамытуға 1,2 млрд рубль бөлген. Иллюстрация rspectr.com сайтынан алынды

Оливер Дауден мемлекеттік секторда ЖИ-ді қолдануды ынталандыру үшін «тұрақты және тынымсыз қысым» қажет екенін айтады: «Жекеменшік сектормен салыстырғанда жасанды интеллект жүйелерін қолдануда Үкіметтің артта қалуына жол беруге болмайды», – дейді.

Дегенмен ол мемлекеттік сектордағы ЖИ технологиясын қолдануда «қателіктер деңгейі» коммерциялық секторға қарағанда әлдеқайда төмен болатынын мойындады. Даунинг-стриттегі бас талдаушы және деректерді сараптау қызметінің директоры Лаура Гилберт Үкімет ЖИ айтарлықтай тиімділік бере алатын көптеген «қолжетімді жемістерді» анықтағанын айтады.

Жалпы мақсат ЖИ-ге салынған инвестиция көлемінің қайтарымын 3,6 есеге жеткізу болғанымен, алғашқы құралдарға бөлінген шығын 200 есе өтелгенін көрсеткен. Бұндай экономикалық тиімділікті ЖИ-ден басқа тауар мен қызмет нарығының ешбір саласы көрсете алмайды. 

Жаңа Үкімет басшысы Олжас Абайұлы жасанды интеллект жүйелерін қолдануда озық тәжірибелерді қолдануды қолға алады деп ойламыз. Фото primeminister.kz сайтынан алынды

Біздің қазақ Үкіметіне де жасанды интеллект жүйелерін қолдануда озық тәжірибелерді қолдануды қолға алатын уақыт келді деп ойламыз.

Тек ақпараттық және кибер қауіпсіздік мәселесінде ұтылып қалмасақ болғаны. Ол үшін шетелдік технологиялық құралдарды сол күйінде тексеріссіз орнатудың орнына арнайы компаниялар ашып, өзімізде мұқият тексеріп барып елдің ішінде құрастыруды қолға алу әбден орынды болар еді.