Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.
Қарағанды қаласының әкімі хакерлік шабуылға ұшырады
376
оқылды

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың ұялы телефонына әлдебіреулер хакерлік шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Менің ұялы телефоным бұғатталды. Өтініш, жауап бермеулеріңізді және ештеңе жібермеулеріңізді сұраймын", – деген жазба қалдырды Мейрам Кожухов.

Айта кетейік, Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып былтыр қаңтарда тағайындалды.

Оның кандидатурасын өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынған еді.