Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушы көпірден секірмек болған жасөспірімді аман алып қалды
286
оқылды

Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.