Астана қаласы мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Тұман, бұрқасын болады: 3 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: qazaqstan.tv
4,829
оқылды

«Қазгидромет» РМК 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қаласы мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 3 наурыз күні Астана мен Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Ал Қазақстанның солтүстігінде  қар жауып, бұрқасын болады.

Ақмола облысында бұрқасын соғып, тұман түседі.

Жетісу облысының аумағында екпінді жел соғып, тұман түседі.

Түркістан облысында да екпінді жел соғып, жауын-шашын болады. 

Өскемен мен Риддерде қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.