28 ақпан күні сағат 18:35 шамасында Индербор кентінде аулада құрылған киіз үй өртенді.
Атырау облысында киіз үйден өрт шықты, зардап шеккендер бар
395
оқылды

Онда газ баллонынан от шашырап, 3 адам күйіп қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Денесінің 12 және 40 пайызын күйік алған 1974, 1989 жылғы екі әйел мен 1992 жылғы ер адам дереу аудандық ауруханаға жеткізілген.

Өрт себебі анықталуда.