Кездесу барысында екі елдің өкілдері алдағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру, өткізу барысын талқылады.
Туризм және спорт министрі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
436
оқылды

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті,  деп хабарлайды Aikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің өкілдері алдағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру, өткізу барысын талқылады.

Франция – бүкіл әлемдегі туристер үшін ең тартымды елдің бірі. Көптеген музей, ортағасырлық ғимараттар, табиғи ландшафттың таңғажайып әралуандағы кез келген туристі бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Біздің еліміз де қолайлы географиялық жағдайға ие екенін айтқым келеді. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ел аумағының 10%-дан астам жерін алып жатыр. Қазақстанда заманауи туристке қажет дүниенің бәрі бар деп сеніммен айта аламын. Біз Франциядан келген туристерді қабылдауға және еліміздің бірегей табиғатын көрсетуге дайынбыз,  деді министр.

Министр Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасында екі ел спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ министр франциялық делегацияны және спортшыларын  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.

Бүгінгі кездесу барысында Олимпиада және паралимпиада ойындары алдындағы дайындық барысы айтылды. Екі ел үшін де өте маңызды шара. Олимпиада ойындары Францияда өтетініне қуаныштымын. Бұл Қазақстан мен Франция арасындағы спортты дамытуда серпін бермек. Сондай-ақ Олимпиада ойындарына дайындық штабы жақсы жасақталған екен, деді Дидье Канесс.

Париж Олимпиада ойындарына 148 күн қалды. Әзірге ел қоржынында 19 жолдама бар.