Ақмола облысы Целиноград ауданында шенеуніктердің автокөлік жолдарын жөндеуге бөлінген аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырып келгені анықталды.
Целиноград ауданында шенеуніктер 1,2 миллиард теңгені жымқырған
801
оқылды

Әкім Қоянды ауылының жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген 1,2 миллиард теңгеден астам қаржысына қол сұғып, кәсіпкерлермен бірге қолды қылған,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Қылмыстық іс Целиноград ауданы прокуратурасының жүргізген тексерістері нәтижесінде анықталды. Ақмола облысының арнайы прокурорлар басқармасымен жүргізілген сотқа дейінгі тергеуден кейін 2 бірдей қылмыстық іс тіркелді. 

Целиноград ауданында осыған дейін жергілікті атқарушы орган бұрынғы басшысы қылмыстық істі тіркеу кезінде Біріккен Араб Әмірліктерінде болғаны анықталып, бірден ұсталып, қамауға алынды. Мемлекетке келтірілген 1,2 миллиард теңгеден астам шығын толық көлемде қайтарылып, қылмыстық іс тергеу қорытындылары бойынша сотқа жолданды. Осы жылдың 12 ақпанында Целиноград аудандық сотының үкімімен бұрынғы шенеунік Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлімінің 3-тармағы бойынша бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқарудан босатылды,  деді Ақмола облысы  прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,  Ақмола облысы