Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева өнердегі құрбысы Айнұр Көпбасарованың отбасылық өмірін айтты.
"Мысығына тамақ әзірлейтін аспазы бар": Айнұр Тұрсынбаева құрбысының құпиясын айтты
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
6,580
оқылды

Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева өнердегі құрбысы Айнұр Көпбасарованың отбасылық өмірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, суретте қасында тұрған Қазақстандағы ең сәнді киінетін, Абай атындағы опера және балет театрының директоры, өнердегі құрбысы Айнұр Көпбасарова.

“Айнұр – Абай атындағы опера және балет театрының директоры. Бірақ әңгіме ол туралы емес, оның мысығы туралы. Естеріңізде ме, Ардақтың мысығы туралы айтқаным. Ал Айекеңнің Коко деген мысығы бар. "Ит иесіне тартады" деуші еді ғой. Айнұрдың мысығы өзі сияқты салмақты. "Коко", "Кокожан" деп еркелетіп жатсаң көзін әрең ашып, жақтырмай қарап тұрады”, – деп сипаттап берді айтыскер ақын. 

Сонымен қатар айтыскер ақын театр директорының үйінде арнайы мысығына ас әзірлейтін аспаздың да барын айтты. 

“Айнұр пәлен жыл Түркістанда жұмыс істеді ғой. Бір күні Айнұрдың Астанадағы үйіне барсам, бір апа жүр. “Күні бойы жалғыз өзі іші пыспай ма, өзің үйде емессің десем: “Коконың тамағын істейтін аспаз” деп қарап тұр. Коко шұжық, ет жемейді екен. Тіпті, жылытпаға қарамайды екен… "Ойбай, келесі жолы кетсең мені Коконың қасына тастап кетші" дедім. Біз жылытпаны жей береміз ғой. Қысқасы, қазіргі заманның мысықтары құтырған екен”, – деп жазды өнер иесі.