Былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған полиция бастығы Марат Күштібаевтың соты басталды
Фото: Талдықорған қалалық ПБ
973
оқылды

Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды.

«Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр», – деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.