«ҚазАвтожолдың» мәліметінше, бүгін сағат 21:30-дағы ахуал бойынша жол жабылды.
Қар көшкіні, боранға байланысты екі облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,005
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол. (қар көшкіні қаупіне байланысты)

1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел а.-Рахман қайнары. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (боран, шектеулі көрініс)

1. «Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады). (автокөліктің барлық түрі үшін)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.