Шуйоктың кандидатурасына 134 депутат дауыс беріп, 5 депутат қарсы болған.
Мажарстанда жаңа президент сайланды
830
оқылды

Мажарстан парламенті Конституциялық сотының төрағасы республиканың жаңа президенті етіп Тамаш Шуйокты сайлады, деп хабарлайды Aikyn.kz Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Шуйоктың кандидатурасына 134 депутат дауыс беріп, 5 депутат қарсы болған.

Тамаш Шуйок заң кеңесшісі, заңгер және Аустрияның құрметті консулы қызметін атқарған. Сонымен қатар 10 жылдан бері Конституциялық соттың мүшесі, ал 2016 жылдан бастап оның төрағасы қызметін атқарып келеді.

10 ақпанда Мажарстанның бұрынғы президенті Каталин Новак жетімдер үйіндегі жыныстық зорлық-зомбылық ісін жасырды деп айыпталған ер адамның кешірілуіне қатысты жанжалдан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Соған байланысты оның орнына Шуйок сайланды.