Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген маман тартылып, үлкен шығармашылық топ жұмыс істеді.
Димаш When I’ve got you туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті
778
оқылды

26 ақпанда Ыстамбұлда Димаш Құдайберген  When I’ve got you  атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті. Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі: «Жеке өмір салтын ұстанатын әлемге әйгілі әнші өзінің алғашқы ашық сұхбатын беруге шешім қабылдады. Ол таңдаған жас журналист “Ал, егер…” деп басталатын түрлі уайымға толы сауалдары көбейіп, қатты қобалжып, уайымға салынды.

«Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен, оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз», – деп бөлісті режиссер.

Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады. Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген маман  тартылып, шығармашылық топ жұмыс істеді. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.

Кастинг оңай болған жоқ: басты кейіпкердің рөліне көптеген актриса  мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазбада үш жер пайдаланылды. Шығармашылық команда интерьердің әрбір элементінде, костюмнің әрбір деталында және әрбір кадрда жұмбаққа толы оқиғалар жасауға тырысты.

Димаштың ресми арнасынан  WHEN I’VЕ GOT YOU  атты жаңа бейнебаянын көре аласыздар. Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар. Пікірі 10 күн бойы жоғары бағаланып, ТОП-та тұрған оқырман арнайы сыйлыққа ие болады: Димаштың 2024 жылы 24 мамырда Ыстамбұлда өтетін жеке концертіне екі билет, оның ішіне тұру және ұшу ақысы кіреді.