Қарулы күштер әскери қызметкерлердің бала-шағасы Түркістан, Щучинск және Балқаштағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығынаа келді.
Биыл «Балдәуренде» мың бала демалады
457
оқылды

Бүгін Ақтаудан әскери ұшақпен келген оқушылар Қонаев қаласындағы республикалық орталыққа орналасты. 

Бұл – Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың осы жылдың қаңтар айында өткен кездесуі кезінде қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесі.

 

Оның қорытындысы бойынша жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің бірлескен жоспары әзірленіп, бекітілді. «Балдәуренде» әскери қызметшілер мен Қарулы күштер қызметшілерінің балаларына квота бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Демалысқа бірінші кезекте шалғайдағы гарнизондарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың, толық емес және көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан  балалар жіберілді. 

Орталықта 21 күн болады. Бұл ретте мәдени демалыс және сауықтырудан басқа балалар мектеп бағдарламасы бойынша сабақ оқиды.  

Бұл 2024 жылы «Балдәуренде» мыңнан астам баланың денсаулығы үшін пайдалы демалыс болмақ.

Мұндай ынтымақтастық әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен жұмыс істеуге бағытталған. Әскери істің негіздерін үйренуден практикалық сабақтарды қамтитын тиісті оқу бағдарламасы да енгізілуде. 

«Жас сарбаз», «Смарт сарбаз» сыныптары ашылады, басқа да іс-шаралар жоспарланып отыр. Әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері үшін бірыңғай нысанды енгізу мәселесі жуырда шешіледі.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасы жүйелі іске асады.