Бас Ассамблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды.
Мамин, Сәпиев, Баландин: Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды
Фото: olympic.kz
7,143
оқылды

Бүгін, 26 ақпанда Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас Ассамблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Сондай-ақ ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының келесі құрамы сайланды:

Бас хатшы: Жанар Азырқанқызы Өтешева;

Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Әбілғазин,"Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы" ҚБ президенті;

Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, "Қазақстан хоккей федерациясы" РҚБ президенті;

Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент: Мырзабосынов Ербол Амантайұлы, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;

Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент: Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012).

Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері: Ахметов Даниал Кенжетайұлы, "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы" РҚБ президенті;

Баландин Дмитрий Игорұлы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы (2016);

Гаджиев Гаджи Шопиевич, "Ауыр атлетика федерациясы" ҚБ бірінші вице-президенті;

Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, "Дзюдо федерациясы" РҚБ президенті;

Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығының" президенті;

Өтемұратов Болат Жамитұлы, "Теннис федерациясы" РҚБ президенті;

Юсупова Әлия Махсутқызы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚБ президенті.

Тексеру комиссиясының мүшелері: Төраға: Алпамысов Абай Әбдісаметұлы, "Ұлттық баскетбол федерациясы"РҚБ президенті Комиссия мүшесі: Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq Kuresi федерациясының вице-президенті;

Әшімбеков Раббани Абдукамалұлы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚБ Бас хатшысы.