1X роботтары физикалық тұрғыдан қарапайым болғанымен, пайдалы жұмыстарды толығымен автономды түрде орындайды. Олардың қимылы мен жұмысы дәлме-дәл, айна қатесіз.
Eve гуманоид-роботтарының керемет қабілеттері (видео)
Фото mi.com сайтынан алынды
993
оқылды

Адамның кейпінде ұсынылған алғашқы роботтар туралы newatlas.com сайты алғашқылардың бірі болып хабарлады. Осы материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz гуманоид-роботтардың мүмкіндіктері мен іс-қимылындағы шектеулерді талдайды.

«Бұл видеода монтаж бен компьютерлік графика, өңдеу, видеоны жеделдету, берілген траекторияны жаңғырту жоқ. Мұның барлығы нейрондық желілер арқылы басқарылады, бәрі автономды», – дейді 1X гуманоид-роботын жасаушысы норвегиялық компания өкілдері. 

Өзінің ChatGPT-імен танымал OpenAI компаниясы өткен жылы 25 миллион АҚШ долларына бағаланған чиптерін норвегиялық гуманоид өндірушіге берген. Кейін тағы $100 миллионға жуық инвестиция құйды. Осының өзі OpenAI-дің робот-гуманоид технологияларын жетілдіруге қаншалықты басымдық беріп отырғанын көрсетті.

1X гуманоидтары Tesla, Fig, Sanctuary немесе Agility компанияларының өнімдерімен салыстырғанда әлсіз болып көрінуі мүмкін. Қазіргі уақытта Eve деп аталған гуманоидтың аяқтары немесе епті бес саусағы жоқ. Ол үш доңғалақты қозғалтқыштың көмегімен жылжиды.

Гуманоидқа спорттық костюм кигізілген, бетінде жарық диодты смайлигі бар экран қойылған. 1X-тің Neo деп аталатын екі аяқты нұсқасы да бар.

Фото 1X компаниясының ресми сайтынан алынды

Бастапқыда роботтардың басым көпшілігі «мына затты алып, анау жерге қой» деген командаларға үйретілді. Және олардың негізгі жұмыс орны едені тегіс бетондалған қоймалар болды. Сондықтан роботтарға баспалдақпен көтерілудің немесе кедергінің үстінен аттап өтудің қажеті болмады.

Басты мәселе – бұл машиналарды тапсырмаларды тез меңгеріп, содан кейін Toyota-ның стационарлық роботтық қолдары сияқты оларды автономды түрде орындау еді. Төмендегі видеода Figure 01 роботы кофемашинаны өз бетімен қалай басқару керектігін «түсінген» кезде, бұл үлкен жетістік деп саналды. 

Жоғарыдағы тапсырмалар аса қиын. Жаңа роботтар операторларың араласуынсыз заттарды көтеретін және түсіретін толыққанды гуманоидтардың жиынтығы түрінде жасалған. Заттарды жәшіктерге, себеттерге және науаға салады. Едендегі ойыншықтарды алып, бөлмені жинайды. Өздері есіктерді ашады, зарядтау станцияларына өздері келіп қуаттау кабелін қосады.

Компания  Eve боттардың 30-ын симуляциялық оқытуды қолдана отырып, әрқайсысын жеке тапсырмалар бойынша оқытқан. Содан кейін олар осы үйренген мінез-құлықтарды кең ауқымды әрекеттер үшін пайдаланды. Негізгі модель белгілі бір ортаның мүмкіндіктеріне сәйкес жетілдірілді – қойма тапсырмалары, жалпы есік манипуляциясы және т.б. боттар қажетті нақты тапсырмаларға үйретілді

Бұндай үйретілген роботтар күнделікті тапсырмаларды адамның орнына орындайды. Болжам бойынша, кейін адам-оператор VR гарнитурасын киіп роботтарға не істеу керектігін көрсетеді. Терең оқыту бағдарламасының негізінде адамның жаңа іс-қимылдары боттардың негізгі қабілеттерімен біріктіріліп, оларды бірнеше мың рет орындап үйретіледі. Әртүрлі кездейсоқ тәуекелдер мен факторлар бойынша боттар сынақтан өтіп, содан кейін ғана роботтар адамдардың арасында жұмыс істеуге дайын болады.

Фото 1X компаниясының ресми сайтынан алынды

«Соңғы бір жылда біз мобильді манипуляцияның әмбебап мәселелерін түбегейлі шешу үшін деректерді өңдеу тетіктерін жасадық. Біз оның жұмыс істейтінін көрдік, сондықтан қазір роботтар мен камера операторларын 10 есе көп ұлғайту үшін Сан-Францискода ЖИ зерттеушілерімен бірлесіп жұмыс істеудеміз», – деп жазады 1X компаниясының жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Эрик Юнг өзінің блогында.

Ал Eve-нің техникалық сипаттары мынадай: бойы 1,86 метр, салмағы 86 кг, максималды жылдамдығы 14,4 км/сағ, жүк көтергіштігі 15 кг, бір қуатпен 6 сағат үзіліссіз жұмыс істей алады.