Әлеуметтік желіде лық толы автобус аялдамадан қозғалып, артынша есіктердің қайта ашылып кеткен видеосы тараған болатын.
Астанада жүріп бара жатқан автобустан жолаушы құлап кетті
Видеодан алынған кадр
582
оқылды

Видеодан әйелдің автобусқа кіріп, есіктердің жабылғанын, ал автобус қозғала бастағанда, есік қайтадан ашылып кетіп, әйел адам салоннан құлап кеткенін көруге болады,  деп жазады Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда болған.

"Оқиға 25 қаңтар күні Сәтбаев көшесінде болды. Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық орныққанына көз жеткізбей жүріп кеткен. Салдарынан әйел адамның автобус салонынан құлап кеткен",  делінген мәліметте.

Жолаушы зардап шекпеген, ал жүргізуші жауапқа тартылды.