Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
Жетісу облысында болған жол апатынан екі адам көз жұмды
Polisia.kz
376
оқылды

Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.

«Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.