Термеші уақап-салафтардың дәстүрімізге қарсылығын, молаға барып Құран оқып бет сипамайтынын, әулиеге бармайтынын, келінге сәлем салмайтынын жеткізген.
"Күлкім келеді”: Танымал термеші радикалды дін өкілдеріне сауал қойды
7,310
оқылды

Термеші, жыршы Айгүл Елшібаева радикалды ағымдағы азаматтарды сынға алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның пайымынша, қоғам дертін уақытында емдемесе, ол дерт асқынып кетуі мүмкін.

"Мен қауіп ойлағаннан айтамын дегендей, кейде бұрынғы жазбаларымды оқырмандарыма жариялап, қоғамдағы шешілмей жатқан мәселелерді есіне салып қоямын. Құдай тіл берген соң, жазу қиын болып па? Осы ғасырда бір қазақтың баласы, өз дәстүрінен, ұлттық киімінен безіп жатқасын, өзегің ашитыны белгілі. Рухани құндылықты материалдық құндылық деп түсіндіруге  ұмтылған білгіштерде, рухани құлдырау болады. Солар ескерсін деп есіне салып қоямыз. Тек деп тегі бар айтады демекші, не шаруаң бар деушілерге, тегіміз, қанымызда рухани құндылық жоғалмай тұрғанда, жан барында түсіндіруге ұмтылып, өз аудиториямды қалыптастырғасын, ұлттық идеологияға қатысты мәселелерді қозғаймын, оқырмандарыммен сырласамын», - деді ол.

Термеші уақап-салафтардың дәстүрімізге қарсылығын, молаға барып Құран оқып бет сипамайтынын, әулиеге бармайтынын, келінге сәлем салмайтынын жеткізген.

"Бірақ салаф дейтіндердің тойына барсаң, беташар жасайды. Беташар қазақтың салт-дәстүрі ғой, сонда күлкім келеді. Бұл уақап-салафтар да қазақтан шыққасын беташарларын амалсыздан жасай ма? Олар салт-дәстүрге қарсы екен, онда нағып беташар жасап, сәлем салып жүр? Сендер не дейсіңдер, білгіш оқырмандарым?», - деп жазды ол.