«АМАNАТ» партиясының Қарағанды облыстық филиалында ашық есік күні өтті.
Қарағанды облыстық филиалында ашық есік күні өтті
830
оқылды

Жиынға облыс әкімі, әкім орынбасарлары, барлық деңгейдегі депутаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында жиналғандар филиалдың жұмысымен, оның ағымдағы қызметімен, Жол картасын іске асыру аясымен, сондай-ақ партиялық жобалармен танысты. 

– «АМАNАТ» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәс­лихаттарға сайлауда сенімді жеңіске жетіп, өзін еліміздегі ең мықты саяси партия еке­нін растады. Біз партиялық тізімдер бойынша да, бірмандатты округтер бо­йын­ша да жоғары қолдауға ие бола отырып, аралас сайлау жағдайында халықтың сенім мандатын алдық.

Ауыл әкімдерінің сайлауында да біз­дің партиядан түскен кандидаттар жеңіске жетті. Қарағанды облысының 165 ауылдық округінің 163 әкімі «АМАNАТ» партиясының мүшелері. 

Бұл партияның қазақстандықтардың көз алдында нақты істермен жинақ­талған беделінің, партияның сәтті транфсор­ма­циялануының және оның барлық құры­лымдық бөлімшесі мен әрбір партия мү­шесінің үйлесімді жұмысының заңды нәтижесі, – деді «АМАNАТ» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Бекзат Алтынбеков.

Мәслихат – жергілікті өкілді орган. Аймақтағы тұрғындардың әл-ауқаты мен еліміздің жалпы дамуы мәслихаттар мен әрбір депутаттың сапалы жұмыс істеуіне тікелей байланысты.

– «АМАNАТ» фракциясының депу­таты – көшбасшы, мемлекетшіл, патриот адам. Шешім қабылдайтын және өз сай­­лау­шыларының алдында «уәдесіне тұруға» дайын партияның өкілі.

– Партияның толық ауқымды транс­формациясы 2022 жылғы 1 наурыздан Жаң­ғырту бағдарламасы жарияланған  кезектен тыс XXII съезде басталды. «АМАNАТ» өз транс­формациясы аясында: жаңа саяси тұғырнама қабылдады; аймақтық фи­лиал­дардың дербестігін нығайтты; пар­тия­ның фракциясы қызметінің ашық­­­тығын арттырды; жастар қанатын трансформациялады; әйелдер қанаты құрылды; партия жанындағы кеңестердің жұмысын оңтайландырды; мобильді қоғамдық қабылдауларды ұйымдастырды; халық арасында сұранысқа ие жаңа пар­тиялық жобаларды іске қосты (Жер аманаты, Ауыл аманаты, Қарызсыз қоғам, Құқықтық көмек, Жастарға жұмыс және т.б.); диалог алаңдарын ұйымдастырды (Талқылау, Бір толқында).

Осы орайда былтыр қыркүйек айында Қарағанды облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы фору­мын өткіздік. Форум жұмысына облыс басшылығы, партия хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты, – деп атап өтті Бекзат Алтынбеков.

Сол уақыттан бастап облысқа қа­расты әр аудан, қаласынан мәслихат депутаттарына 72 сауал түскен. Сұрақтар облыстық басқармаларға жіберіліп, бүгінде 12 басқармадан жауап алынды. Алайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасынан жауап келмеген.

«АМАNАТ» партиясының мәслихат депутаттарының басты мақсаты – партия­ның республикалық, аймақтық сайлауалды бағдарламаларында белгіленген міндеттер мен уәделерді және бірмандатты округтер бойынша депутаттың сайлауалды уәде­лерін орындау. Партия жанындағы қоғамдық қабылдау бөлме­лерінде және сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде сай­лаушылардан 4 мыңнан аса аманат жиналған.

Алайда облыс бойынша 138 фракция мүшелерінің 12 депутаты бірінші жарты­жылдықта бірде-бір қабылдау өткізбегені анықталған. 

Жиын барысында барлық мәслихат­тағы партияның фракция мүшелері кем дегенде тоқсанына 1 рет қоғамдық қа­былдау өткізуін қамтамасыз ету қажет екені де айтылды. 

Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық Жол картасы аясында 2023 жылы 126 іс-шара жоспарланған болса, оның 110 тармағы орындалды, 3-і орындалуда, 13 тармақ орындалмаған.

«Жер аманаты» жобасы аясында жерді мемлекетке қайтару жоспары 580 мың гектар болса, оның 542,9 гек­тары қайтарылған. 

Жиында партия жүзеге асырып отыр­ған барлық іс-шара, партиялық жоба­лар мен Жол картасының орындалуы, мәс­лихат депутаттарының жұмысы туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде кең көлемде жарияланып жатқаны да сөз болды.

Өткен жылдың өзінде облыстық баспасөз қызметі республикалық және өңірлік медиа жоспар аясында 30 мыңнан аса материал жариялаған.

Алайда кейбір депутаттар әлеуметтік желіде мүлдем жарияланым жасамайды. Депутаттың жұмысы, партияға қатысы бар екенін туралы парақшаларында мәлімет жоқ. Осы олқылықты жою туралы талап қойылды.

Жиын соңында сәуір айында «АМАNАТ» партиясынан сайланған ауыл әкімдерінің бірінші форумы, «Жастар Рухы» жастар қанатының сле­ті, барлық деңгейдегі мәслихат де­пу­таттарының оқуы жоспарланып отыр­ғаны айтылды.

Ә.БЕЛГІБАЙҰЛЫ