Бұл туралы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян айтты.
Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты
Фото: Getty Images
936
оқылды

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүшелігін уақытша тоқтатты,  деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, бұл туралы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

«Біздің пайымдауымызша, ұжымдық қауіпсіздік шарты Армениямен байланысты мәселелерде орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары бұл жайт біздің назарымыздан тыс қала алмады. Біз аталмыш шартқа мүшелігімізді тоқтатып қойдық. Әрі қарай не боларын көреміз», – деді Пашинян.