Екі отандасымыз Таиландқа жұмыс істеуге барған.
Таиландқа барған екі қазақстандық құлдыққа түскен
Фото: mykaleidoscope.ru
422
оқылды

Таиландқа жұмыс істеуге барып, құлдыққа түскен екі отандасымыз (әйелдер) елге оралуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Биыл қаңтарда мен Қазақстанның азаматымын, Джунглидің ішіндемін, қайда екенімді білмеймін деп көмек сұраған хабарлама түсті. Азамат еңбек құлдығына түскенін айтып, бізден көмек сұрады. Анықталғандай, біздің екі азаматымыз «Алтын үшбұрыш» аумағында алданған. Ең қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар және бірнеше тіл біледі», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, екі отандасымыз Таиландқа жұмыс істеуге барған.

«Құлдыққа түскен екі қазақстандықтың әрқайсысынан 10 мың доллар талап еткен. Жергілікті билікпен келісімге келіп, бір ай дегенде екі азаматымызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшақпен келе жатыр», - дейді ол.

Бұған дейін СІМ өкілі соңғы екі жылда Таиландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматының еңбек құлдығына түскені туралы мәлімдеген еді.