Қазан қаласында «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирі өтеді.
Президент «Болашақтың ойындары» турнирінің ашылу рәсіміне қатысады
899
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.