Желі қолданушыларымен бірге ата-аналардың ашуын туғызған видеода әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді.
Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады
1,338
оқылды

Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 14 ақпан күні №2 "Ақсұңқар" бөбекжай-бақшасында болған. Желі қолданушыларымен бірге ата-аналардың ашуын туғызған видеода әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді.

Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада болған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.

"Видеодағы әйел адамдар балабақшаның ас үйіндегі техникалық қызметкерлері болып табылады. Орын алған жағдайға байланысты тиісті түсініктемелері алынуда. Теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтер емес", – деп түсінік берді "Ақсұңқар" бөбекжай-бақшасының әкімшілігі.

Балалар жүрген жерде арақ ішу оқиғасы балабақша басшылығы жұмыстан кеткен уақытта болған.