Тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағын су жіберілгені анықталды.
«Қазцинк» компаниясына 50 миллион теңге айыппұл салынды
444
оқылды

2024 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Соның нәтижесінде мекемеге өзенді ластағаны үшін 50 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде Экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды судың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсеткен.

«Тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар жіберілетіні анықталды. Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Қазцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», – деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен.