Өрт көпқабатты үйде болған.
Астанада өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
634
оқылды

Астанада сағат 15:48-де Ақбұлақ-3 ш/а үйдің 4-қабатындағы пәтердің 20 шаршы метрі өртенген. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өрт толықтай сағат 16:26-да сөндірілді.

Пәтерден әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті жерде ТЖД-ның 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеді. Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.