«Қазавтожолдың» мәліметінше, бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Сегіз облыста республикалық маңызы бар жол жабық тұр
585
оқылды

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс

1. «Омбы-Майқапшағай» – Қалбатау а. – Бұғаз а. (барлық көлік үшін)

Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін);

2. «Алматы-Ташкент-Термез» – Жаңақұрлыс а. – Жамбыл обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран, шектеулі көрініс

1. «Омбы-Майқапшағай» – Абай обл. шек. – Зайсан қ.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» – Алматы обл. шек. – Қордай а. (жүк және қоғамдық көлік үшін), Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Қайнар а. – Түркістан обл. шек. (транзиттік жүк көліктері үшін)

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс

1. «Үшарал-Достық» – Көктұма ст. – Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Түркістан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 61 км (қар, бұрқасын, жел, шектеулі көрініс)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» – Жамбыл обл. шек. – Машат к. (транзиттік жүк көліктері үшін)

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, көрінуді шектеу) 

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті – Қостанай обл. шек (барлық көлік үшін)

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 287 бірлік техника және 477 адам жұмылдырылды.