Облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеті жыл бойына кәмелет жасына толмаған баласын асырауға алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтың орналасқан жерін анықтаған.
ШҚО тұрғыны қызына 1 миллион теңге қарыз
BAQ.KZ
931
оқылды

Әкенің қызына қарыз сомасы бір миллион теңгеден асады, – деп жазады Aikyn.kz.

Тәртіп сақшылары қыз баланың әкесін Тарбағатай ауданында тұратынын анықтады, ол осы жылдар бойы ресми түрде жұмыс жасамағанын және алиментті сол себепті төлей алмағанын түсіндірді. Алайда ер адам міндетті түрде жұмысқа орналасатынын және қарызды төлейтінін айтқан.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері алимент төлемей жүрген 10 адамды анықтаған. Көші-қон қызметі атқарушылық құжаттың нұсқамасын орындамағаны үшін заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.