Өртті сөндіруге ТЖД 46 жеке құрамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.
Солтүстік Қазақстанда ангардан шыққан өрт 600 шаршы метрге жайылды
408
оқылды

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станциясының ангарында ірі өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сағат 04:36-да 101 телефонына өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Үшінші шақыру нөмірі жарияланды", – деп жазды ТЖМ.

Өртті сөндіруге ТЖД 46 жеке құрамы мен 14 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 5 көлік эвакуацияланды.

"Өрт сағат 06:01-де оқшауланды. 06:53-те аумағы 600 шаршы метр болатын үлкен өрт толық сөндірілді", – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.