АҚШ-тың 2023 жылғы зерт­теуіне сәйкес, жасанды интел­лект (ЖИ) жыл сайын 4 трил­лион доллардан астам табыс әкелуі мүмкін. Ал 2030 жылдың ба­сында ЖИ жаһандық эконо­миканың жетекші драйверіне айналады және адам еңбегінің 60-70%-ын автоматтан­ды­рады.
Жасанды интеллект тетіктерін нақтылау қажет
363
оқылды

Google China бұрынғы прези­денті Кай-Фу Ли және фантаст-жазушы Чен Цюфан сияқты бір­қатар футуролог «молшылық» немесе «тапшылықтан» кейінгі дәуір­дің пайда болуы туралы ай­тады. Олар­дың негізгі логикасы жа­санды ин­тел­лект бүгінде шешіл­мейтін мәсе­лелерді шеше алатыны­на байла­нысты. Мысалы, ол адамзат үшін қолайсыз  климаттық өзгеріс­терге төтеп беруге көмектеседі және өр­кениетімізге қуат беретін энер­гия­ның құнын түбегейлі төмен­детеді. 

Қазақстанда жасанды интеллект тетіктерін және біздің елімізде жа­санды интеллекттің даму перс­пек­тиваларын нақтылау қажет. Біз қа­зірдің өзінде әлемнің озық елдерінде басталған ЖИ кең ауқымды қол­дану­ды түсіну, тұжырымдамалау, реттеу және стратегиялық жоспар­лау процесінің бастапқы кезеңінде тұрмыз.

Біріншіден, ел нарығында ЖИ қолданудың нақты түсінігі мен стра­тегиясы әлі жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда қазірдің өзінде ЖИ-ді әртүрлі салада: медицинадан бастап білім беру саласына дейін, тіпті саясатта қолдану мысалдары бар.

Екіншіден, әлемнің көптеген еліндегідей Қазақстанда адамның жасанды интеллектпен әрекеттесуін реттеудің нақты нормалары мен ережелері жасалмаған.

Үшіншіден, егер біз құрамдас бөлігі болып табылатын жаһандық экономика құрылымындағы ЖИ-дің бұлтартпастығы мен ауқымы туралы айтатын болсақ, бұл маман­дарды дайындау, қайта даярлау мәселесін алға тартады.

Төртіншіден, бұл ғылымға және ЖИ-ге қатысты мәселелерді қамти­ды, оған өте ауқымды сұрақ­тар – ЖИ-ге қатысты теориялық зерттеу­лер­ден бастап қолданбалы ұсыныс­тар­ды әзірлеуге пәнаралық көзқа­рас­қа дейінгі проблемалар кіреді.

Еркін ТҰҚЫМОВ,

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер

институты директоры