Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Темиржанов тағайындалды.
Абай облысының Көкпекті ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: видеодан скриншот/Абай облысы әкімдігі
1,625
оқылды

Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

«Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - деп жазылған хабарламада.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Темиржанов тағайындалды.