Биологиялық материалдар сараптамаға жіберіліп, нәтижесі келген.
Павлодарда жоғалған жігіттің мәйіті табылды
Фото: freepik.com
788
оқылды

Павлодарда жоғалған жігіттің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Vita» ұйымы еріктілерінің айтуынша, ұлының аман-есен үйіне оралатынына сеніп, күтуден үмітін үзбеген ана мәйітхананың табалдырығын аттаған сәтте қараудан бас тартқан.  Биологиялық материалдар сараптамаға жіберіліп, нәтижесі келген.

«Мұндай қайғылы жаңалықты хабарлау біз үшін өте ауыр. Жаңа жыл қарсаңында кездейсоқ адамның сүйектері табылды, болжам бойынша хабар-ошарсыз кеткен Жанат болуы мүмкін деп топшыланды. Марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз», – деп хабарлады еріктілер. 

Еске сала кетейік, Жанат Инцыбаев 12 шілдеде жоғалып кетті. Оның артынан жүгірген анасы ұлын тоқтатып үлгермеді және ешкімнен көмек сұрай алмаған. Себебі, өтіп бара жатқан адамдар жігітті мас деп ойлаған. Бұған дейін анасы ұлы туралы қандай да бір ақпарат болса немесе жолда көріп, алып кеткен адамдар болса, хабарласуды өтінген.