Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың хабарлауынша, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған.
Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жасар баланы зорлаған: полиция ақпаратты растады
Фото: polisia.kz
836
оқылды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы 16 жастағы жасөспірімнің 6 жастағы баланы зорлау дерегін растап, оқушының қамауға алынғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың хабарлауынша, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы Департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді. А. Қасанов.

БАҚ мәліметінше, қазіргі кезде жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.